Астанада LRT станциясындағы өрт сөндірілді
Астана қаласының 112 пультіне Сарайшық ауданындағы Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан қоғамдық көлік аялдамасынан түтін шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласының 112 пультіне Сарайшық ауданындағы Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан қоғамдық көлік аялдамасынан түтін шыққаны туралы хабарлама түсті
Оқиға орнына жеткен бойда, салынып жатқан нысан аумағындағы аялдама павильонының жертөлесінен түтін шыққаны анықталды. Электр қалқанындағы электр кабельдері мен құрылыс қоқысы жалпы көлемі 10 шаршы метр аумақта өртенген.
«Өрт сөндірушілер жедел түрде өртті сөндіріп, оттың көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің тұтану себебі анықталуда», - деді төтеншеліктер.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбенің Астана ауданындағы көпқабатты үй өртеніп, құтқарушылар 30 адамды қауіпсіз аймаққа шығарғаны туралы жаздық.
