Астанада 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды
2005 жылы елордада зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Бұл туралы ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның сөзінше, сол кезде қылмысқа қатысты нақты айғақтар болмағандықтан, істі ашу мүмкін болмаған.
«Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды. Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда. Тергеу жалғасуда.
Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында», - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Еске салсақ, алаяқтық жасаған күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды.