«Россия» әуе компаниясы Астана мен Санкт-Петербург арасындағы тікелей рейстердің қайта жанданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тұрақты рейстер 3 маусымнан басталады. Ұшулар «эконом» және «бизнес» кластарымен жабдықталған Airbus A319 лайнерлерімен орындалады. Жазғы маусымда рейстер аптасына үш рет жүзеге асырылады: Астанадан – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, ал Санкт-Петербургтен – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері», – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Астана – Үрімжі рейсі қайта жанданғаны туралы жаздық.