Астана қаласының параспортшылары өз таңдауын жасады
15 наурыз күні елімізде республикалық референдум өтіп жатыр. Осы маңызды саяси науқанда Астана қаласының параспортшылары да азаматтық белсенділік танытып, дауыс берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Атап айтқанда, пара каратэден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері Ләззат Жүсіпова; пара таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері, Сурдлимпиада ойындарының қатысушысы Руслан Ахметов; тоғызқұмалақтан ҚР спорт шеберлігіне кандидат, әлем чемпионатының жүлдегері Ләззат Отарбекова; сурдо дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан чемпионы, 2025 жылғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Әмина Файзулина; сурдо дзюдодан Сурдлимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Сабыржан Хапизов; ҚР спорт шебері, бірнеше дүркін халықаралық жарыстардың жүлдегері, Спартакиада чемпионы Алтынай Ержанқызы; пара арбадағы теннис спортшысы Дінмұхамед Әлиакпаров; пара оқ атудан ҚР спорт шебері Әйгерім Төлегенова республикалық референдумда дауыс берді.

Сонымен қатар дзюдо жаттықтырушылары Дәурен Оразұлы пен Данияр Болат та бұл маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді.
Сондай-ақ, Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубының» басшылығы, жаттықтырушылары мен қызметкерлері де референдумға қатысып, дауыс берді.

