Астана – еліміздегі нағыз жаңажылдық көңілкүйдің шаһары
Жаңа 2026 жыл қарсаңында Астана қаласында жаңажылдық безендіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Шамдар, сәнді безендірулер мен мерекелік композициялардан көшелердің әдеттегі сәні екі еселене түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Елордада бір мезетте 40-тан астам Жаңа жыл шыршасының шамы жағылып, қала аумағындағы мерекелік алаңдарда мұз айдындары, сырғанақтар, шағын сәулет нысандары, фотоаймақтар орнатылды.

Мерекелік көңілкүйді қалыптастыруға бас қаладағы қонақүй, мейрамханалар мен сауда орындары да белсенділікпен жарыса кірісіп кетті.
Қонақүй және мейрамхана бизнесі - бүгінде қызмет көрсету саласы ғана емес, бұл жалпы қаланың келбетінің бір бөлігіне айналады. Жаңажылдық безендірілген ғимараттар қала қонақтары үшін алғашқы ұмытылмас әсерді қалыптастырып, тұрғындардың мереке алдындағы қуаныш сезімін күшейте түсетіні сөзсіз.
Біз жинақтаған суреттерден елордалық мекемелердің Жаңа жылды қалай қарсы алатынын тамашалай аласыз.

Ғимараттардың кіреберісі – қаланың визиттік картасы. Елорданың мерекелік келбетін қалыптастыруға туристер мен іскер қонақтарды қабылдайтын қонақүйлер де атсалысуда.
Жаңа жыл қарсаңында қонақүйлер кіреберістер мен ғимарат ішіндегі ортаңғы ашық алаңның мерекелік безендірілуне ерекше назар аударып отыр. Өйткені бұл жайлылық қана сыйлап қоймай, сонымен қатар ассоциативті сезімдерді қалыптастырады.
Туристер мен іскер қонақтар үшін мерекелік декор жалпы қызметтің маңызды элементіне айналады және олар үшін қала туралы алғашқы жарқын әсер қалдыратыны анық.
Көпметрлік гирляндалар, ерекше шыршалар мен жарық қондырғылары қонақүйлерді өнер нысандарына айналдырады.

Мереке қарсаңында атмосфера мен безендірудің бәсекелестігі қызуда. Қонақүйлер мен мейрамханалар өздеріне көп назарын аудару үшін күресіп жатыр. Жыл сайын Астана көрнекілігі қаныға бастауы кәсіпкерлерге бизнесті белсенді түрде дамытып, осы процеске қатысуға мүмкіндік береді.
Мекеме иелері «кімнің безендірілуі көркем, қайсымыз келушілердің назарын көбірек аударамыз» деп өзара бәсекеге түсіп отыр. Мұндай салауатты бәсеке тек қана клиенттердің қызығушылығын арттырып қоймай, қаладағы мерекелік көңілкүйді де еселей түсуге ықпал етеді.
Мерекелік атмосфераны қалыптастыруда сауда-ойын-сауық орталықтарының да үлесі айрықша. Олар үшін қаланың ортақ мерекелік концепциясымен үйлесіп, біртұтас сәндік әрі мазмұндық кеңістікке айналу маңызды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше атмосфера қалыптастыру тек коммерциялық мақсатпен шектелмейді, сонымен қатар мереке кезіндегі көңілкүйді сақтауға және қала өміріне жылулық сыйлауға бағытталған. Келушілер көп жиналатын сауда-ойын-сауық орталықтары шопингпен қатар, отбасылық демалыс пен жарқын естелікке айналатын фотосуреттер үшін тартымды кеңістікке айналады.