Ақтөбеде жол жабылып, 400 жолаушы пойызбен тасымалданды
Қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе – Астрахань тас жолында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуіне орай, ҚТЖ жолаушылар пойыздарында қосымша шамамен 400 тегін орын ұйымдастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жедел шаралар ауа райының күрт нашарлауына байланысты азаматтардың көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Осылайша, 2026 жылғы 10 ақпанда ҚТЖ пойыздарымен қосымша шамамен 400 жолаушы төмендегі бағыттар бойынша тасымалданды:
Бағыттар бойынша жолаушылар тасымалы туралы ақпарат:
№613 «Маңғыстау – Орал» пойызы:
• Қандыағаш – Ақтөбе: 18 жолаушы;
• Алға – Ақтөбе: 106 жолаушы.
№692 «Ақтөбе – Атырау» пойызы:
• Ақтөбе – Қандыағаш: 29 жолаушы;
• Ақтөбе – Алға: 45 жолаушы;
• Ақтөбе – Тамды: 9 жолаушы;
• Ақтөбе – Бестамақ: 9 жолаушы;
• Алға – Тамды: 2 жолаушы.
№110 «Ақтөбе — Маңғыстау» пойызы:
• Қандыағаш – Ақтөбе: 7 жолаушы;
• Ақтөбе – Алға: 80 жолаушы.
№691 «Атырау – Ақтөбе» пойызы:
• Қарауылкелді – Ақтөбе: 7 жолаушы;
• Шұбарқұдық – Ақтөбе: 3 жолаушы;
• Қандыағаш – Ақтөбе: 23 жолаушы;
• Ақкемер – Ақтөбе: 1 жолаушы;
• Тамды – Ақтөбе: 7 жолаушы;
• Алға – Ақтөбе: 32 жолаушы;
• Бестамақ – Ақтөбе: 4 жолаушы.
«ҚТЖ қолайсыз ауа райы кезеңдерінде халықтың көлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай шараларды жыл сайын жүйелі түрде жүзеге асырады. Атап айтқанда, биылғы қыс мезгілі басталғалы бері еліміз бойынша теміржол көлігі арқылы Шідерті, Ерейментау, Павлодар, Көкшетау, Бурабай курорты, Қарағанды, Макинка, Ақкөл, Аршалы, Сағыз, Қарауылкелді және басқа да бағыттар бойынша 1 мыңнан астам жолаушы жеткізілді», - делінген хабарламада.
Күрделі метеорологиялық жағдайда теміржол көлігі ең қауіпсіз әрі сенімді қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды жалғастырып, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.