Ақтауда оңтүстік өңірлерден есірткі партиясын тасымалдау арнасы жойылды

Ақтауда оңтүстік өңірлерден есірткі партиясын тасымалдау арнасы жойылды
Фото: ІІМ видеосының скрині

Маңғыстау облысында аса ірі көлемдегі есірткіні жеткізу арнасы жойылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген, каннабис тобына жататын аса ірі мөлшердегі есірткіні жеткізудің тұрақты арнасын әшкереледі.

«Мамыр айының соңында Ақтау қаласында есірткінің заңсыз айналымына қатысты күдікті ұсталды. Ер адамнан гашиш есірткісі салынған төрт пакет тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы төрт келіден асты», - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетсек, Алматы әуежайында шетелдіктің шабаданынан 21 келі есірткі табылды.