Референдум-2026

Алматы әуежайында шетелдіктің шабаданынан 21 келі есірткі табылды

Алматы әуежайында шетелдіктің шабаданынан 21 келі есірткі табылды
Фото: ҰҚК

Алматы әуежайында Оңтүстік-Шығыс Азияның бір елінен келген шетел азаматының шабаданын тексеру барысында шамамен 21 келі «марихуана» табылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет қызметкерлері есірткіні алып өту әрекетін 30 мамырда полиция, кеден органдарымен және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен бірлесіп анықтады.

Қазір тыйым салынған жүк тәркіленіп, күдікті ұсталды. Полиция Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Еске салсақ, ІІМ есірткінің зардабы туралы шынайы оқиғаға негізделген фильм ұсынды.