Қазақстандық могулшы Франциядағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

22 желтоқсан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық могулшы Франциядағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан Францияның Тинь қаласында өткен халықаралық турнирде төрт медаль еншіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың қоржынында екі алтын және екі қола жүлде бар.

Әйелдер арасындағы сайыста Анастасия Городко екі мәрте жеңіс тұғырынан көрінді.

Ал Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев қола жүлдеге ие болды.

Бұған дейін Мәскеуден келген жас спортшылар «Барыстың» ойынын тамашалағанын жазған болатынбыз.