«Алматы - Өскемен» тасжолындағы жол-көлік апаты: төрт адам қаза тапты

11 желтоқсан, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Алматы - Өскемен» тасжолындағы жол-көлік апаты: төрт адам қаза тапты
Фото: instagram.com/taldykorganec.insta

10 желтоқсан күні шамамен 14:15-те «Алматы–Өскемен» автожолының 462-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Жетісу облысы Полиция департаментінің ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Алдын ала деректер бойынша, KIA автокөлігінің жүргізушісі ауа райының күрт нашарлауы - боран, көктайғақ және көрінудің шектелуі жағдайында қозғалып келе жатып, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Toyota автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында төрт адам қаза тапты. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп мәлімдеді полиция.

Полиция қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

Сондай-ақ, барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және жолаушыларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жол ережесінің болмашы бұзылуының өзі орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында 49 Өзбекстан азаматы болған автобус аударылып, 5 жолаушы көз жұмғанын хабарлаған едік.