Алматы облысында алимент төлемеген 13 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысының прокурорлары биылғы жылдың үш айында 500 млн теңге алимент өндірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Балаларын асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндетін орындамаған 13 қасақана төлемеушіге қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 3 адам сот шешімімен жаза арқалады, қалғаны бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Прокуратураның бастамасы бойынша 107 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 95-і 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынды.
«Сонымен қатар, балалардың пайдасына жалпы құны 32 млн теңге болатын 8 мүлік (жер учаскесі, тұрғын үй және автокөлік) берілді. Мысалы, борышкерлердің бірі берешекті өтеу есебінен өндіріп алушыға құны 7,5 млн теңге болатын жер учаскесін берді», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаттары алимент міндеттемелерін орындауды жетілдіру мәселелерін қарастырған еді.