Әлихан Бөкейхан айтқан ұлы мақсат жаңа Конституциямызға жазылды - депутат

Әлихан Бөкейхан айтқан ұлы мақсат жаңа Конституциямызға жазылды - депутат
Фото: Конституциялық сот

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өкілдерінің Ақмола облысы активімен өткен кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев жаңа жобадағы жекелеген баптарға нақты тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz коалицияға сілтеме жасап.

«Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс деген өсиет қалдырып еді. Міне, арада ғасыр өтіп, осы ұлы мақсат тайға таңба басылғандай біздің жаңа Конституциямыздың жобасының 8-бабына, «Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі» деп нақты жазылды. Осында отырған үзеңгілес азаматтармен бірге Ата заңымыздағы осындай маңызды мәліметтерді шалғайдағы барлық ауылдың халқына жеткізуіміз керек»,- деді депутат.

Еске салсақ,  Мәжіліс депутаты Айдос Сарым пропорционалды сайлау жүйесіне қатысты пікір білдірді.