Астана әкімдігі: Көшелердің жабылу кестесінің ақпараты шындыққа сай келмейді

Астана әкімдігі: Көшелердің жабылу кестесінің ақпараты шындыққа сай келмейді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елорда әкімдігі әлеуметтік желіде таралған көшелерді жабылу кестесінің ақпараты шындыққа сай келмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz. 

Аталмыш кестеде алдағы күндері қалада өтетін ауқымды шаралар кезінде көлік қозғалысы қай уақытта және қай жерлерде шектелетіні көрсетілген.

«Астана қаласында 22-24 сәуір аралығында көшелердің жабылу кестесі туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпарат шындыққа сай келмейді. Нақты уақыт аралықтары мен көшелер тізімі көрсетілген мәтіннің сенімсіз екеніне назар аударамыз.
Осыған дейін көше-жол желісінің жекелеген учаскелерінде ғана қозғалысқа уақытша шектеулер қойылуы мүмкін екендігі хабарланған болатын.
Осылайша, күні, уақыты және көшелері бойынша бөлінген хабарлама ресми болып саналмайды және шындыққа сәйкес келмейді», делінген әкімдіктің хабарламасында. 

Қала әкімдігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуді, сондай-ақ тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұрады.

Еске сала кетсек, Астанада ауқымды халықаралық іс-шаралар өткізілуіне байланысты 20-24 сәуір аралығында қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылатыны хабарланды.