Референдум-2026

Әйгерім Төреханова ММА-дан Азия чемпионатында ел қоржынына медаль салды

Бүгін, 12:06
Думан Аманжол Думан Аманжол
Әйгерім Төреханова ММА-дан Азия чемпионатында ел қоржынына медаль салды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

28 шілде - 2 тамыз аралығында Куала-Лумпурда (Малайзия) ММА-дан Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа континенттің 18 елінен ең мықты спортшылары жиналды. 

Халықаралық турнирде ҚР ІІМ Ұлттық ұланы BURKIT TEAM командасының өкілі Әйгерім Төреханова лайықты нәтиже көрсетті. Ол 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізіп, Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды.

«Ересектер арасындағы чемпионат қорытындысы бойынша қазақстандық команда жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болып, континенттің ең мықты құрамаларының бірі мәртебесін тағы да растады», - делінген хабарламада.

Жарыстан соң елге оралған спортшыларды әуежайда оларды жанкүйерлер, Ұлттық ұлан өкілдері, BURKIT TEAM командасы, сондай-ақ туыстары мен жақындары қарсы алды. Қарсы алушылар спортшыларды табысты өнер көрсетуімен құттықтап, халықаралық спорт аренасында лайықты өнер көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді.

Еске салсақ, ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды.