Референдум-2026

Аянат Жұмағали жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 14:52
Думан Аманжол Думан Аманжол
Аянат Жұмағали жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Жасөспірімдер арасында Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Жерлесіміз қоссайыс қорытындысы бойынша 237 (104+133) келіні еңсерді.

Екінші орынды Өзбекстан өкілі Дильнура Холдорова иеленді - 224 (101+123) келі. Үздік үштікті тағы бір өзбекстандық Дильноза Файзуллаева түйіндеді - 223 (100+123) келі. 

Еске салсақ, бұған дейін Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алса, жас жеткіншектер арасында Ксения Прозорова (61 келіге дейін) топ жарған еді.