04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ақтөбеде майор Батыр Оразымбетовті соңғы сапарға шығарып салды

|
Photo: Фото: Қорғаныс министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ақтөбеде майор Батыр Оразымбетовті соңғы сапарға шығарып салды

|
Photo: Фото: Қорғаныс министрлігінен

Ақтөбеде оқу-жаттығу ұшулары кезінде қаза тапқан ұшқышпен қоштасу рәсімі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Оған Әуе қорғанысы күштерінің басшылығы, әскери оқу орнының ұжымы, қайғылы жағдайда қаза тапқан Батыр Оразымбетовтің туыстары мен жақындары қатысты.

Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор Б.Оразымбетов – осы оқу орнының түлегі.

Қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдардан өтті. Биылғы көктемдегі су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. Офицер мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медалдарымен марапатталған.

Майор Батыр Оразымбетовтің соңында жұбайы мен екі баласы қалды.

Әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан ұшқыштың есімі оның туыстары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗