Ерекше дата: 26.06.2026 күніне неке қиюға өтініш қабылдау аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясына сілтеме жасап.
Ерекше датада неке қиюды мемлекеттік тіркеуге өтініш қабылдау 11 маусымда аяқталды. Корпорация мәліметінше, сандардың ерекше үйлесімі бар күндер - болашақ жұбайлар арасында сұранысқа ие.
Осы жолы белсенділік танытқан Алматы қаласы болды, яғни, 830 өтініш түскен, одан кейін Астана тұрғындарынан 740 өтініш, Шымкент қаласынан түскен өтініш саны 141-ге жетті.
Еске салсақ, «Азаматтарға арналған үкімет» ерекше датада үйленуді жоспарлаған жұптар өтініштерін алдын ала беруі керек екенін хабарлаған болатын.