03.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

2026 жылы алдын ала диагностика қолжетімді болады

|
Photo: primeminister.kz
2026 жылы алдын ала диагностика қолжетімді болады
Фото: primeminister.kz

2026 жылы алдын ала диагностика қолжетімді болады

|

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының хабарлауынша, 2026 жылдың қаңтарынан бастап кейбір медициналық қызметтер МӘМС пакетінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ауысады. Осылайша, олар сақтандырылмаған азаматтар үшін қолжетімді болады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұған дейін айтылғандай, 2025 жылғы 14 шілдедегі жаңа заңның қабылдануымен Денсаулық сақтау жүйесін сақтандыру моделіне көшіру көзделіп отыр. Осы орайда, 2026 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінен (ТМККК) медициналық көмектің көлемін МӘМС жүйесіне кезең-кезеңмен интеграциялау болып табылады.

Бұдан бөлек, ауруларды уақытылы анықтау мақсатында медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды өзгерістер де қарастырылған.

«Скринингтік зерттеулер МӘМС пакетінен ТМККК пакетіне, оның ішінде онкологиялық скринингтерге ауыстырғаны біз үшін маңызды. Бұл өзгеріс бүкіл халыққа жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, колоректальды қатерлі ісік, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, глаукома, вирустық гепатит сияқты ауруларды алдын ала диагностикалау қызметтеріне қолжеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар скринингтер барысында медицина қызметкерлері алдын ала ағзадағы ауруларды анықтап, олардың одан әрі таралуына жол бермеуі мүмкін», – деді ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева.

Сондай-ақ ол заң шеңберінде әлеуметтік маңызы бар ауруларға күдік туындаған кезде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін пакетке ерте диагностикалауды енгізу көзделгенін атап өтті.

Қазір ТМККК-да диагноз қою үшін медициналық қызметтер АИТВ және туберкулезге күдік болған жағдайда ғана жүргізіледі. Басқа жағдайларда пациенттер диагноз қою және әлеуметтік маңызды аурудың болуын растау үшін сақтандырылуы керек. Содан соң ғана пациенттер ТМККК шеңберінде ем ала алады. Осылайша, сақтандыру мәртебесіне қарамастан ерте диагностика қолжетімді болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗