09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Келесі жылдан бастап FlyArystan әуе билеттерінің коды өзгереді

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Келесі жылдан бастап FlyArystan әуе билеттерінің коды өзгереді

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

2025 жылдың 1 қаңтардан бастап FlyArystan әуе компаниясының билеттеріндегі код KC-ден FS-ке өзгереді, деп хабарлады Elordainfo.kz компанияның Telegram каналына сілтеме жасап. 

KC кодын бұған дейін Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары ортақ пайдаланып келген болатын. 

«Әуе компаниялары авиация саласында бірегей сәйкестендіру үшін IATA кодтарын пайдаланады. Жаңа кодты қабылдау FlyArystan-ның Air Astana-дан бөлінуі туралы біздің стратегиялық шешімімізге байланысты. Жолаушылар саяхаттың барлық кезеңдерінде – мобильді қосымша мен веб-сайт арқылы брондаудан бастап әуежайда және үшінші тарап платформаларында тіркеуден өтуге дейін "KC"-ден "FS"-ке кодтың өзгеренін көре алады. Сонымен қатар, билет нөмірінің префиксі (алғашқы үш сан) 465-тен 164-ке өзгереді. Басқа рәсімдер өзгеріссіз қалады», – деді FlyArystan президенті Ричард Леджер.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗