Референдум-2026

20-дан астам қазақстандық Африканың ең биік нүктесі – Килиманджаро шыңына шықты

20-дан астам қазақстандық Африканың ең биік нүктесі – Килиманджаро шыңына шықты
Фото: ҚР Кәсіподақтар федерациясы

Қайрат Айбосынов құрамында 21 Қазақстан азаматы бар топты бастап Килиманджаро шыңына шықты, олардың басым бөлігі – кәсіподақ мүшелері, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Аталмыш топ Кәсіподақтар федерациясының туын Африканың ең биік нүктесі – Килиманджаро шыңында (5 895 метр) желбіретті. Топтың жетекшісі, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі Қайрат Айбосыновтың айтуынша, шыңға аппаратын жол бес күнге созылып, тағы екі күн төмен түсуге кетті.

«Жеті күндік жол бойы Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының туын Килиманджаро шыңына көтере отырып, өз еңбегімен еліміздің бүгіні мен болашағын қалап жатқан миллиондаған отандасымыз туралы толғандым. Бұл ту – әрбір еңбек адамына көрсетілген терең құрметтің белгісі. Бізоның қоғамдағы мәртебесі мен беделі дәл бүгін туымыз көтерілгендей биік болуын қалаймыз», – деп атап өтті Қайрат Айбосынов.

Оның айтуынша, бұл сапар үлкен мақсаттарға жету әрқашан алғашқы қадамнан басталатынын тағы бір мәрте еске салды.

«Кез келген шың алғашқы қадамнан басталады. Кәсіподақтар федерациясының туын Килиманджароға көтере отырып, еңбек адамы ең биік шыңдарға – құрметке, әділ жалақыға, қауіпсіз еңбек жағдайына және қоғамның мойындауын алайық екенін көрсеткіміз келді. Сонымен қатар біз тәжірибемізбен бөлісуді жөн көрдік. Біз жүріп өткен бағыт алдағы уақытта Килиманджароны бағындырғысы келетін барлық отандасымызға ұсынылады. Бұл шың көптеген қазақстандық үшін қолжетімді боларына сенімдімін», – деді Қайрат Айбосынов.

Бұл жоба жалғасады. Келесі жылы Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдегі кәсіподақ мүшелері арасында еңбек адамын қолдау және белсенді өмір салтын насихаттауға арналған кезекті мәнді шара ретінде Эвересттің базалық лагеріне тауға шығу ұйымдастырылмақ.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қазақтың домбырасы Памир шыңына көтерілді.