00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жасанды интеллект қазақша түсінеді

28 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жасанды интеллект қазақша түсінеді
Фото: «Тіл-Қазына» орталығы баспасөз қызметінен

Бүгін Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай мен «Speech Lab» ЖШС директоры Жұлдыз Татагулова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Elorda.info.

«Тіл-Қазына» орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Speech Lab» – жасанды интеллектіні еліміздің аудиториясына бейімдеу бойынша үлкен бастамаларды жүзеге асырып келе жатқан компания.

Аталған компания мен «Тіл-Қазына» орталығы қазақ тілін тануға қабілетті жасанды интеллектіні және сөйлеу синтезін дамытуға күш салады. Бұл – қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру бойынша атқарылып жатқан ең үлкен қадамдардың бірі. Демек, болашақта «Siri», «Алиса» сынды дыбыс көмекшілері қазақ тілінде айтылған барлық ақпараттарды сапалы өңдеп, талдай алады. Бастама жүзеге асқаннан кейін мұны мемлекеттік мекемелер мен бизнес саласында да кеңінен қолдануға болады. Бұл қызмет көрсету саласын оңтайландыруға, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мұндай үлкен жобаның сәтті жүзеге асуы үшін аса үлкен көлемдегі сапалы аудиоресурс қажет. Сәйкесінше, мұндай ауқымды контентпен қамтамасыз ету міндетін «Тіл-Қазына» орталығы жүзеге асырады.