00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Туристік пойыз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кезекті сапарына аттанды

3 қаңтар, 2025
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Туристік пойыз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кезекті сапарына аттанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

 Jibek Joly туристік пойызы екінші сапарына шықты. Бұл жолы теміржол саяхатының аясы кеңейіп, Қазақстанның Шымкент және Өзбекстанның Самарқанд қалалары қосылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Jibek Joly туристік пойызы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Шымкент – Алматы» бағыты бойынша сапарын бастады. Тур 7 қаңтарға дейін яғни 5 күнге жалғасады. Екінші сапарға 100-ден астам жолаушы аттанды.

 Саяхатшылар ежелгі қалалардың ерекше атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының ізімен саяхаттайды. Маршрутқа қалалардың негізгі көрнекі орындары енгізілген. Туристердің жайлылығы үшін тур бағдарламасына гид қызметі, тамақтану, көрікті жерлерге кіру билеттері мен трансфер қызметтері кіреді.
 

Айта кетейік, бұл жолғы теміржол саяхатының ерекшелігі де бар. Мұнда  туристер пойызда түнейді. Пойыз сол уақытта белгіленген бағыт бойынша қозғалысын жалғастырады.

Халықаралық турды «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен республикалық «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығы Kazakh Tourism ҰК АҚ және ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.