Тимур Сүлейменов: Freedom кэшбектерінің мәселесін тексереміз

Тимур Сүлейменов: Freedom кэшбектерінің мәселесін тексереміз
Freedom

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Freedom Bank кэшбектерімен байланысты дауды Астана халықаралық қаржы орталығымен бірге тексеретіндерін айтты.

"Менің білуімше, банктің өзі де түсініктеме берді. Бұл Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы құрылымдалған. Бізге жалпы Қазақстан бойынша реттеуші ретінде бұл мәселені қосымша тексеру керек. Астана қаржы орталығымен сөйлесеміз. Бүкіл нормативтік-құқықтық негіздемелерді тексереміз. Содан кейін барып бұл қалай жұмыс істейтінін анықтаймыз. Олар енгізген кезде Астана қаржы орталығымен сөйлескенбіз. Олар сол кезде өз ережелеріне сәйкес екенін айтқан. Қазір қосымша тексеру керек болып тұр. Жалпы базалық тұрғыда АХҚО-ның құзыретін үйлестіру керек шығар. Оның ішінде реттеушілер арасындағы қарым-қатынасты да дұрыстап үйлестіру керек", - деді ол Парламент палаталарының бірлескен отырысының алдында.