00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полицейлер 50 келіден астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі

Полицейлер 50 келіден астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі
фото: Polisia.kz

Алматы облысында полицейлер браконьерден 50 келіден астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
 

27 қазанда «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Балқаш ауданының Құйған ауылы маңында полицейлер көрші Жамбыл облысының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам моторлы қайықпен және тыйым салынған моножіпті торлармен балық аулаған.

«Тінту кезінде құқық бұзушыдан 50 келіден астам көксерке, сондай-ақ заңсыз аулау құралдары табылды. Күдіктіге қатысты балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мемлекетке келтірілген залал 425 844 теңгені құрайды», – деп атап өтті Балқаш аудандық полициясының бастығы Айдар Умаров.

Тәркіленген балық кейіннен сату және мемлекет пайдасына түскен қаражатты аудару үшін қабылдау пунктіне өкізілді.