Орталық Азия тауар айналымының жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі – Ұлттық экономика министрі

17 маусым, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Орталық Азия тауар айналымының жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі –  Ұлттық экономика министрі
фото: primeminister.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «Орталық Азия — Қытай» іскерлік кеңесінің екінші отырысында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазақстанмен тауар айналымы Қытайдың статистикасымен алсақ, 45 млрд АҚШ долларына жетті. Өзімнің баяндамамда айтып кеттім,  бүкіл Орталық Азияны алсақ, ҚХР-мен сауда көлемі 95 млрд. Оның жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі. Екі елдің арасында тауар айналымы болмаса ешкім инвестиция салмайды. Мысалы, Жамбыл облысында толық өндірістік циклді металлургия комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр»,- деді Серік Жұманғарин.

Ол өз сөзінде, аталған металлургия комбинатының құрылысына шамамен 750 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылғаннын атап өтті.