NASA болжамы: Жердің астероидпен соқтығысу ықтималдығы артқан

Бүгін, 13:34
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
NASA болжамы: Жердің астероидпен соқтығысу ықтималдығы артқан
Фото: iStock

Астрономдар 2024 YR астероидінің Жермен тікелей соқтығысу ықтималдығы 2,3 пайыз деп бағалады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Газета.Ру» басылымының жазуынша, NASA-ның Жер маңындағы нысандарды зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, 2024 YR астероиді 2032 жылы Жердің қасынан өтеді. Ғарыштық нысанның тікелей соқтығысу ықтималдығы – 2,3 пайыз.

Эдинбург университетінің планетарлық астрономия профессоры Колин Снодграсс астероидтің ұшуы, ең ықтимал нұсқа бойынша, ешқандай қауіп төндірмейтінін айтты.

2024 YR4 астероидінің көлемі футбол алаңымен шамалас. Ғалымдар оны алғаш рет 2024 жылғы 27 желтоқсанда Чилидегі El Sauce обсерваториясында байқаған.

Астрономдардың бағалауы бойынша, оның диаметрі 40-90 метр аралығында. Жаңа жыл қарсаңында NASA бұл астероидті ерекше бақылауға алынатын нысан деп белгіледі.