Мәжілісмен Ұлттық ұланның оқу орталығымен танысты

Мәжілісмен Ұлттық ұланның оқу орталығымен танысты
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

Бүгін Түркістан облысында орналасқан Ұлттық ұланның  6506 әскери  бөлімі «Қаратау» тау-кен оқу орталығына жұмыс сапарымен  Мәжіліс депутаты  Олжас Құспеков барды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бригада командирі, полковник Марат Рахпановпен бірге мәжілісмен орталықтың  инфрақұрылымымен, оқу нысандарымен,казармалармен, асханамен және басқа да қажетті заттармен танысты.

«Тау-кен оқу орталығы - жеке құрамды сапалы дайындау үшін барлық қажетті инфрақұрылымға ие. Мұнда әскери қызметшілердің физикалық төзімділігі,  тактикалық дағдылары   жан-жақты дамуы үшін оңтайлы жағдайлар жасалған», - деп атап өтті полковник Марат Рахпанов. 

Кездесу барысында Олжас Құспеков әскери қызметшілермен әңгімелесіп, қызмет пен оқу жағдайларын одан әрі жақсартуға қатысты ұсыныстарды тыңдады. 

Ол жауынгерлік дайындықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, өзекті мәселелерді   шешуге дайын екенін білдірді.

Айта кетейік,, 6506 әскери бөлімінің қарамағындағы «Қаратау» тау-кен оқу орталығы бірегей оқу базасы болып саналады. Онда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әскери қызметшілер, оның ішінде әртүрлі күш құрылымдарының арнайы бөлімшелерінің жауынгерлері дайындықтан өтеді. Мұнда таулы жерлерде әрекет ету дағдылары пысықталады,  жауынгерлік, тактикалық және дене шынықтыру  дайындығы жүргізіледі. ⠀