Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының штаб-пәтері Астанада ашылады


Сенаттың жалпы отырысында «2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Заңның мақсаты:
2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (бұдан әрі - Хаттама) Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын (бұдан әрі - ЕТДҚ) Еуразиялық даму банкінен бөлу қажеттілігіне байланысты жасалды, ол ЕТДҚ-ның миссияларының айырмашылығына, сондай-ақ ЕТДҚ-ға ұлттық валютадағы жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру мүмкіндігін беруге байланысты оның қаражатын басқарушы болып табылады.
Заңның міндеттері:
- ЕТДҚ-ны халықаралық құқықтың жеке субъектісіне айналдыру;
- Астана қаласында штаб-пәтердің ашылуы;
- жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшін ЕТДҚ құрылтайшы мемлекеттерінің ұлттық валюталарын пайдалану;
- нақты жобаларды өтеусіз қаржыландыру мақсатында нысаналы жарналардан қалыптастырылуы ерекшелігі болып табылатын траст-қорларды пайдалану. Қазіргі уақытта ЕТДҚ-ның құралдары қаржылық және инвестициялық несиелер мен гранттар болып табылады;
- ЕТДҚ қызметкерлерінің сараптамалық әлеуеті есебінен техникалық көмек көрсету, сондай-ақ сыртқы өңірлік немесе жаһандық сараптаманы тарту;
- ЕТДҚ-ға мүше елдер үшін неғұрлым заманауи модельдік аппараттарды қолдана отырып жүйелі макроэкономикалық мониторинг және ЕТДҚ-ға қатысушы мемлекеттердегі макроэкономикалық ахуал мен перспективаларға бағалау жүргізу.
«Күтілетін нәтиже: Қазақстанның ЕТДҚ-ның негізгі доноры ретінде қатысуы елдің оң имиджін нығайтуға жәрдемдеседі, қатысушы мемлекеттермен неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнатуға, Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында техникалық жәрдем алуға мүмкіндік береді. Хаттаманы іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді. Сенаттың тұрақты комитеттерінің осы Заң бойынша ескертулері мен ұсыныстары жоқ», - деп жазылған хабарламада Сенат комитетінің хабарламасында.



