Елімізде жаңа мереке күні пайда болады
Фото: akorda.kz
Қазақстанда мерекелік күндердің күнтізбесінде жаңа мереке пайда болады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Экология министрлігі Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер жобасын дайындады.
Жоба мәтініне сай, еліміздің мерекелік күндерінің тізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізіліп, 3 қыркүйекті қазақы ит тұқымдары күні ретінде белгілеу ұсынылған.
«Тазы мен төбет – қазақтың байырғы ит тұқымдары, қазақ халқының мақтанышы, «Жеті қазынаның» бірі. Тазы адамның аң аулаудағы таптырмас көмекшісі, сонымен қатар төбет – ата-бабаларымыздың отары мен мүлкін қорғаушысы», - делінген құжатта.
Ұқсас жаңалықтар
24 қазан, 2025
ХҚКО мереке және демалыс күндері қалай жұмыс істейді
24 қазан, 2025
«Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз»: алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты
24 қазан, 2025
«Хабар» агенттігі 30 жылдық мерейтойын атап өтті
23 қазан, 2025
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету жөнінде жаңа кеңсе құрылады
