Елімізде төрт мың шақырымнан астам ақылы республикалық автожолдар желісі бар

2 шілде, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде төрт мың шақырымнан астам ақылы  республикалық автожолдар желісі бар
Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ

Бұл көрсеткіштер еліміздегі сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын және оның экономикалық дамудағы шешуші рөлін айқын көрсетеді, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала өтейік, елімізде республикалық автожолдардың желісі 25 мың шақырым, оның 4760 шақырымы ақылы жолдар. Бүгінде елімізде 25 ақылы учаске бар (12 учаске - І техникалық санатта, 13 - ІІ және ІІІ техникалық санатта).

Төменде ақылы жолдар бойынша тізім ұсынылған:

1. Алматы – Қонаев (5,1 млн)

2. Шымкент – Өзбекстан шекарасы (4,4 млн)

3. Шымкент – Тараз (2,9 млн)

4. Тараз – Қайнар (2,4 млн)

5. Шымкент – Қызылорда (2,25 млн)

6. Астана – Теміртау (2 млн)

7. Қонаев – Талдықорған (1,7 млн)

8. Астана – Щучинск (1,66 млн)

9. Щучинск – Көкшетау (1,5 млн)

10. Астана – Павлодар (1,132)

11. Алматы – Қорғас (1,13 млн)

12. Көкшетау – Петропавл (830 мың)

13. Қызылорда – Арал (770 мың)

14. Павлодар – Семей – Қалбатау (568 мың)

15. Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор) (540 мың)

16. Қостанай - Денисовка (526 мың)

17. Тараз айналма жолы (Қайнар - Шымкент) (474 мың)

18. Орал – РФ шекарасы (Самара) (412 мың)

19. Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (393 мың)

20. Қостанай – РФ шекарасы (Троицк) (341 мың)

21. Балқаш - Бурылбайтал (300 мың)

22. Орал – РФ шекарасы (Саратов) (270 мың)

23. Шу - Бурылбайтал (155 мың)

24. Қандыағаш - Мақат (103 мың)

25. Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (45 мың)

 

Ақылы жолдар жылдам қозғалысты дамытып, қалалар мен көрші мемлекеттер арасындағы тұрақты байланысты нығайтып, сауда, туризм және өнеркәсіптің дамуына ықпал етеді.