Елімізде қарилар алқасы құрылды

14 мамыр, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде қарилар алқасы құрылды
Фото: ҚМДБ ресми сайты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Қарилар алқасы құрылды, деп хабарлады Elordainfo.kz діни басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алқаға белгілі ғалымдар мен қарилар мүше болса, олардың қатарында Садуақас Олжабаев, Камилжан Садыков, Төлеби Оспан, Данияр Жұмабаев, Еркінбек Шоқай, Ерсін Әміре, Жұманазар Садырханов, Шоқан Уалиев және тағы басқалар бар.

«Құран – тура жолдың айқын нұры, адамзатты иманға, ізгілік пен әділетке жетелейтін Ұлы Кітап. Ал оны жаттап, жүрегімен қабылдап, өмірімен насихаттап жүрген қарилар – үмметіміздің шамшырағы, аманат арқалаушы тұлғалар», – деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Алқаның алғашқы отырысында қарилар ҚМДБ жанындағы «Қарилар алқасы» ережесімен танысып, алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралардың мазмұны мен мақсатын нақтылады.

Еске салайық, Қазақстанда дін мамандарын даярлаумен 6 университет шұғылданады. Мамандардың басым және негізгі бөлігі Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алады. 224-2025 оқу жылында дін мамандарын даярлауға 300-ден мемлекеттік грант бөлінсе, олардың 298-ін иеленгендер Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып жатыр.