00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Діни басқарма татуировкаға қатысты пәтуа шығарды

Діни басқарма татуировкаға қатысты пәтуа шығарды
фото: freepik.com

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Татуировка – тері астына бояуыштарды ендіру жолымен салынатын адам денесіндегі сурет. Ғұламалар татуировканың харам екендігіне бірауыздан келіскен. Ол – үлкен күнә. Өйткені ол Алланың жаратылысын өзгерту, көзбояушылық, қанның араласуы себепті нәжіс бояумен бояу, денеге зиян беру болып саналады», - деп жазылған хабарламада.

Ғұламалар кеңесі денеге сурет салуға тыйым салынатынын, мүмкіндік болса оны кетіру керектігін алға тартты.

«Денеге татуировка салу – харам, үлкен күнә. Тәубе етіп, мүмкіндік болса, оны кетіруі керек. Татуировканы кетіру денсаулыққа зиян болса, оны қалдырудың оқасы жоқ. Ол дәретке, намазға және имамдыққа кедергі болмайды», - деп жазды Ғұламалар кеңесі.