Әділет министрлігі жасанды интеллект негізіндегі цифрлық заң кеңесшісін іске қосты

18 маусым, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Әділет министрлігі жасанды интеллект негізіндегі цифрлық заң кеңесшісін іске қосты
фото: t.me/ortcom_kz

«Әділет» порталында 24/7 режимінде жұмыс істейтін құқықтық кеңесші азаматтарға құқықтық мәселелердің кең ауқымы бойынша кеңес береді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Келесі кезең нормативтік құқықтық актілерді әзірлеушілерге сараптамалық қолдау көрсететін смарт-ассистентті енгізу болады.

«Оның функционалына НҚА-ға өзгерістер енгізу бойынша ұсынымдарды автоматты түрде жасау; қолданыстағы заңнамада қайталанатын және қарама-қайшы нормаларды анықтау; актілердің жобаларындағы сыбайлас жемқорлық факторларын талдау; жаңа нормаларды басқа құжаттардағы ұқсас ережелермен салыстыру жатады. Осылайша, смарт-ассистент тек көмекші құрал ғана емес, оның сапасын, келісімдерін арттыруға ықпал ететін норма жасау процесінің толыққанды қатысушысы болып табылады», - деді ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ өткен брифингте .