00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда цифрлық сауаттылық порталдары әзірленді

Қазақстанда цифрлық сауаттылық порталдары әзірленді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов ОКҚ баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық киберқауіпсіздік компаниялары, сондай-ақ бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықтың киберқауіптер, қорғау әдістері, сондай-ақ қаржылық сауаттылық жөніндегі базалық білімін арттыру үшін тегін ресурстар әзірледі. Бұл – citizensec.kz және nomadguard.kz порталдары.

Ведомство басшысы Руслан Абдикаликов ОКҚ алаңында атап өткендей, порталдарды іске қосуға мемлекеттің қаражаты жұмсалмаған. Бұл – жеке бастамалар. Бұған дейін елде бір ғана fingramota.kz порталы болған, онда банк секторында қолданылатын барлық ықтимал алаяқтық схема жинақталған.  

Сондай-ақ ЦДИАӨМ өкілі Әкімшілік кодекске бұзушылықтардың ескіру мерзімі және ол үшін қарастырылған айыппұл мөлшерін 2-3 есе ұлғайтуды көздейтін түзетулер енгізу туралы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар ведомство халықтың ІТ-сауаттылығын арттыратын тегін білім беру курстарын өткізу құзыретін алуға ниетті. Цифрлық ведомствоның және ІІМ Қоғамдық кеңестерімен де үлкен жұмыс атқарылып жатыр.