Қазақстанда биыл 24 мың тоннаға жуық балмұздақ шығарылды

Фото: unsplash.com
2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр – 20,3 мың тонна) 17,1% артық, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың төрт айында елімізге 3 мың тонна балмұздақ импортталған. Сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы – 15,4%.
Балмұздақ әкелінетін елдердің алғашқы үштігіне Ресей (1,5 мың т), Қырғызстан (1 мың т) және Түркия (0,3 мың т) кіріп отыр. Сонымен қатар балмұздақ Өзбекстан, Швейцария, Беларусь және Италия елдерінен әкелінген.
Аталған төрт айда балмұздақ экспорты 41,6% өсіп, 4,3 мың тоннаны құрады. Өнім негізінен ТМД елдері мен Қытайға жіберілген.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:31
Астанада әскердегі оң өзгерістер мен жаңа технологиялар таныстырылды

2 қазан, 2025
Air Astana танымал туристік бағыттар бойынша рейстер саны көбейетінін хабарлады

2 қазан, 2025
Отандық SCAT Airlines 2026 жылы көктемде Латвияға ұша бастайды

2 қазан, 2025
Су үнемдеу технологиялары пайдаланылатын егіс алқабының аумағы 86%-ға ұлғайды