Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті уақытша жабылды

Бүгін, 15:36
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті уақытша жабылды
фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Тәжен» өткізу пунктіне қойылған шектеу құрылыс жұмыстарының жалғасуына байланысты 1 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, шектеу өткізу пунктінде және оған іргелес инфрақұрылымда жүргізіліп жатқан құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарына байланысты енгізілген. Оған күрделі жөндеу, инженерлік желілерді тарту және бейтарап аймақта жол салу жұмыстары кіреді.

«Өзбекстан Республикасымен келісім бойынша, Қазақстан «Тәжен» өткізу пункті арқылы шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйымды 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартты. Азаматтардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулерін сұраймыз», - делінген хабарламада.

Комитет өкілдері азаматтарға сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеуді ескеруді сұрайды.