Ауа райына байланысты 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды


«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің 14 өңірінде күн райы бұзылатынын ескертті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыс бойынша қар, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. жетеді.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Абай облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болып, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.