Астанада онкологияны дер кезінде анықтайтын арнайы модуль әзірленді
Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Онкологтардың есебінде тұрған барлық пациент уақтылы тексерулерге келе бермейді. Бұл мәселені шешу үшін елорданың көпсалалы медициналық орталығында алғаш рет және Қазақстан бойынша әрбір емханадан барлық диспансерлік пациенттерді көрсететін жалғыз арнайы бағдарламалық модуль әзірленді. Бұл модуль онкопациенттерге ғана емес, сонымен қатар онкологиялық ауруға күдікті науқастарға да қатысты.
Бұл модульді құрудағы міндет пен басты мақсат – учаскелік қызметтің жұмысын жеңілдету, медициналық көмек көрсету сапасын арттыру.
Сонымен қатар модуль пациенттің маршруттың қай кезеңінде кешіктірілгенін анықтауға көмектеседі.
Жаңа бағдарламалық модуль «жасыл дәлізді» іске асыруда онкологтар мен онкология жөніндегі ахуалдық орталықтың жұмысын айтарлықтай жақсартады. Ол пациенттер арасында онкологиялық ауруларды тиімді бақылау және уақытылы анықтау үшін көпсалалы медициналық орталықта қаланың емханаларымен бірлесіп, белсенді қолданылады.