Алматыдан Ыстықкөлге тікелей маусымдық әуе рейсі іске қосылады

Фото: FlyArystan
Қазақстандық лоукостер FlyArystan 3 шілдеден бастап Алматыдан Ыстықкөлге тікелей әуе рейстерін іске қосатынын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері – 31 тамызға дейін орындалады.
Алматы мен Тамшы (Ыстықкөл) арасындағы әуе сапары бар болғаны 55 минутты құраса, кері бағытта ұшу ұзақтығы – бір сағат.
Бейсенбі:
-Алматыдан ұшу – 15:05, Тамшыға қону – 17:00;
-Тамшыдан кері ұшу – 18:00, Алматыға қону – 18:00.
Жексенбі:
-Алматыдан ұшу – 13:15, Тамшыға қону – 15:10;
-Тамшыдан кері ұшу – 16:10, Алматыға қону – 16:10.
Компанияның хабарлауынша, билет бағасы бір бағытқа 24 мың теңгеден басталады.
Ұқсас жаңалықтар

3 қазан, 2025
Елімізде егін астықтарының экспорты 1 млн тоннадан асты

3 қазан, 2025
Бас прокурор Құқық қорғау органдары академиясының ұжымына жаңа ректорды таныстырды

3 қазан, 2025
Алматы облысында Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші ашылды

3 қазан, 2025
Заңнаманы талдауды жеделдетеді: Әділет министрлігі ЖИ-агентін таныстырды