Алматы тауында адасып кеткен үш адам құтқарылды

фото: видеодан алынған кадр
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының «Медеу» құтқару бекетіне үш жас жігіттің Талғар ауданындағы Фурманов шыңынан түсіп келе жатып бағытынан жаңылып, адасып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Оқиға орнына құрамында 5 құтқарушы және бір техникасы бар жедел топ жіберілді. РЖҚЖ ТЖМ мамандарының іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде жігіттер жылдам табылды. Олардың бірі аяғын қайырып алған. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, топты шатқал арқылы төменге түсірді»,-делінген ТЖМ хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар

3 қазан, 2025
Елімізде егін астықтарының экспорты 1 млн тоннадан асты

3 қазан, 2025
Бас прокурор Құқық қорғау органдары академиясының ұжымына жаңа ректорды таныстырды

3 қазан, 2025
Алматы облысында Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші ашылды

3 қазан, 2025
Заңнаманы талдауды жеделдетеді: Әділет министрлігі ЖИ-агентін таныстырды