Енді «+77» және «+76» кодтарымен түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі
Министр Facebook парақшасында да жақсы жаңалықпен бөлісті.
Енді «+77» және «+76» халықаралық кодтарымен түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі, бұған дейін «Ресей Федерациясы» деген жазу шығатын.
Компания iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдар үшін бұл проблеманы реттеді. Енді қазақстандық абоненттерді терген кезде елдің атауы дұрыс көрсетілетін болады.
Apple техноалыбымен бірге қазақстандықтарды біраздан бері алаңдатқан мәселені пысықтадық. Айта кету керек, компания өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытты. Нәтижесінде, қазақстандықтардың көкейінде жүрген бір мәселе шешілді, оның үстіне әлемдік технологиялық лидермен ынтымақтастығымыз нығая түсті, – дейді Цифрлық даму, инновацялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.