00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Каспий теңізіне қалдық құйылып жатыр (ВИДЕО)

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Каспий теңізіне қалдық құйылып жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Видео авторы қонақ үй аумағынан шығып, теңізге баратын құбырды тапқанын айтады. 

Барлық қалдықтар осы құбыр арқылы қонақ үйден теңізге барып құяды, - дейді видео авторы. 

Маңғыстау облысының Экология департаменті зертхана-аналитикалық мониторинг бөлімінің мамандары аумақтағы судан сынама алғанын мәлімдеді. 

Қазіргі уақытта тәуелсіз экологтар, қоғам белсенділері мен «Экожер» аймақтық экология қауымдастығының Маңғыстау облысы экологтар кеңесі мүшелерін жағдайды бағалау үшін тарту жоспарланып отыр, - деді Маңғыстау облысы Экология департаментінен.

Сонымен қатар тексеріске Балық шаруашылығы басқармасы, Су инспекциясы, облыстық Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі инспекциялары жағдайды құқықтық бағалау үшін тартылмақ.