00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Көпбалалы отбасылар биыл қанша жәрдемақы алды

19 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Көпбалалы отбасылар биыл қанша жәрдемақы алды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 577,2 мың отбасы жалпы сомасы 431,9 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қараша айында 591,2 мың отбасыға 42,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай сараланып есептеледі және 2024 жылы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артты.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 472,9 млрд теңге қарастырылған.