Қазақстанда ресми түрде жаңа кәсіби мереке белгіленді

Бүгін, 11:07
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views51
Қазақстанда ресми түрде жаңа кәсіби мереке белгіленді
Фото: freepik.com

Биылдан бастап 29 қазан ресми түрде кәсіби мереке – Қазақстан кәсіпкерлері күні болып белгіленді, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бұйрығына 2025 жылғы 30 шілдеде қол қойылды.

Бұл күнді таңдау маңызды тарихи оқиғаға байланысты. 2015 жылғы 29 қазанда бизнесті қолдау жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясаттың базалық қағидаттарын қалыптастыра отырып, кәсіпкерлік, инвестиция, бәсекелестік және мемлекеттік бақылау саласындағы негізгі заңнамалық актілерді шоғырландырған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданды.

Бүгінде елімізде 2 миллион 300 мыңнан аса бизнес субъектісі тіркелген.

«Кәсіпкерлерді қолдау экономикалық саясаттың басымдығының бірі болып қала береді. Жыл басынан бері 288 миллиард теңгеге 2 мыңнан астам жоба субсидияланып, 61 миллиардқа 737 жобаға кепілдік берілді. Тоғыз мыңға жуық кәсіпкер оқытылды.

2025 жылы ШОБ-ты қолдауға 270 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда. 12,6% мөлшерлемемен «Өрлеу» жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы да іске қосылды. Қолдаудың жалпы көлемі 750 миллиард теңге. Оның ішінде 300 миллиарды – «Даму» қаражаты, 450 миллиарды – банк ресурсы. Қазірдің өзінде 200 миллиард теңгеге 400-ге жуық жоба қаржыландырылды», - делінген Ұлттық экономика министрлігінің хабарламасында.

Бизнестің хабардарлығын арттыру мақсатында «Бизнестің цифрлық картасы» жобасы іске асырылуда. 100-ден астам қолдау шарасы бар тізілім бекітілді. EGov Business қосымшасымен «Бәйтерек» холдингін қолдау шараларын қамтитын Bgov АЖ интеграциясы аяқталып, оны 71 мың пайдаланушы 2,3 млн рет пайдаланды.