Алтай Көлгінов әйелдерді төл мерекесімен құттықтады (ВИДЕО)
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Құрметті арулар, аналар, әжелер! Сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Сіздер өмір сыйлап, оның мәнін келтіресіздер. Кез келген салада қашанда сұранысқа ие боласыздар, сіздер жетістікке жете алмайтын мамандық жоқ. Жиған білімдеріңіз бен өз ісіне деген жанашырлықтың арқасында тұрғындарымызды емдеп, балаларымызды оқытып жүрсіздер, сол сияқты қалалар мен өңірлердің тіршілік ету нысандарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, кәсіптеріңізді дөңгелетіп әрі өзгелерді жұмыспен қамтып отырсыздар.
«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, аға буын өкілдерін мерекемен құттықтадым. Бұл әлеуметтік орталықта қарт кісілер қызметтің толық спектрін алады. Әр әйелдің өзіне тән ерекше жолы бар, олардың әрқайсысы елдің дамуына өз үлесін қосып келеді, – деді ол.
Сондай-ақ вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Отбасылық және гендерлік саясаттың жаңа тұжырымдамасы қабылданғанын айтты.
Елімізде әйелдердің әлеуетін іске асыруға ерекше назар аударылады, басшылық лауазымдардағы нәзік жандылардың үлесі артып келеді. Президент айтып өткендей, әрбір әйел отбасында бақытты, жұмысында табысты, қоғамда белсенді болуға лайық! Ол үшін тиісті жағдайдың бәрі жасалады.
Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт және кәсіби салада жетістіктер тілеймін! – деді Алтай Көлгінов.