00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана медицина университетінің экс-проректоры пара алғаны үшін сотталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астана медицина университетінің экс-проректоры пара алғаны үшін сотталды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотының үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М. Дәулетьярова қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жеке компаниялардың басшысы Э. Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін, сондай-ақ делдал М. Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындау үшін 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген агенттік хабарламасында.

Сот Гриценконы 3 жылға бас бостандығынан, делдал Қапаровты 7 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады