Конгода жарғанат жеген 53 адам көз жұмды


Конго Демократиялық Республикасында жарғанат етін жеген 53 адам көз жұмды, деп хабарлады Elordainfo.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін белгісіз аурудан бес жасқа толмаған үш бала қайтыс болған. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау қызметі хабарлады. Олардың мәліметіне қарағанда, шалғай ауылдарда осыған ұқсас 431 жағдай тіркелді.
Науқастардың алдымен қызуы көтеріліп, құсу, мұрыннан қан кету белгілері байқалған. Артынша екі тәуліктен кейін науқастар өлім құшқан. Әзірге тұрғындардың жаппай өліміне не себеп екені белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша олар өлген жарғанат жеген. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Қытай ғалымдары жарқанаттардан жаңа коронавирус тапқаны туралы шетелдік БАҚ-та жарияланып жатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасаған еді.



