Астанадан Самарқандқа жаңа әуе бағыты ашылады


Ел тұрғындары мен қонақтары Қазақстан астанасынан тікелей Самарқандқа ұша алады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, 1 мамырдан бастап QAZAQ AIR әуе компаниясы Астанадан Самарқандқа жаңа бағыт ашады. Бұл бағыт Түркістан арқылы ыңғайлы транзитпен жүзеге асырылады. Енді жолаушылар әлемнің ең көне қалаларының біріне саяхаттаумен қатар, Қазақстанның рухани әрі тарихи орталығы Түркістанда уақыт өткізе алады.
Астана-Самарқанд әуе рейсі аптасына екі рет әр бейсенбі және жексенбі орындалады.
Рейстер кестесі келесідей:
Бейсенбі:
IQ369 Астана 16:15 – Самарқанд 20:00
IQ510 Самарқанд 21:00 – Астана 01:30
Жексенбі:
IQ369 Астана 07:25 – Самарқанд 11:00
IQ510 Самарқанд 12:00 – Астана 15:30
Сонымен қатар апта сайын әр бейсенбі және жексенбі күндері Түркістан-Самарқанд әуе рейсі орындалады.
Бейсенбі:
Түркістан 19:10 – Самарқанд 20:00
Самарқанд 21:00 – Түркістан 21:50
Жексенбі:
Түркістан 10:10 – Самарқанд 11:00
Самарқанд 12:00 – Түркістан 13:00
Айта кетейік, қазақстандық QAZAQ AIR әуе компаниясы канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 ұшақтарын қолданады.