Жұмысшы мамандықтар беделін арттыру бойынша ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр


Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Бастамаларды іске асыру шеңберінде бірқатар жұмыстар қолға алынды, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Орта білім беру ұйымдарында алғаш рет кәсіп таңдауда және мектеп, колледж және жұмыс беруші арасындағы өзара іс-қимылды жолға қоюда оқушыларды жүйелі сүйемелдеу үшін педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде енгізілді.
Жоғары сынып оқушыларына жұмысшы біліктілігін беру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Бастама мектеп білімінің практикалық бағытын күшейтуге және жастардың ерте жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қолдауға бағытталған. 11-сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар тек аттестат қана емес, сонымен қатар орта техникалық білім туралы диплом алады. Бүгінгі таңда 905 түлек кәсіби біліктілік пен еңбек нарығына бірден шығу мүмкіндігін алып, колледж дипломымен оқуын аяқтады.
2025 жылдың ақпан айында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің алаңында Жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылуы өтті. 5 күнге созылған фестивальде 300-ден астам іс-шара өткізілді, колледждер мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық туралы 250 меморандумға қол қойылды, 30 мыңнан астам оқушыға кәсіби диагностика жүргізілді.
Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі дарынды және болашағы зор студенттерді анықтау және қолдау, жоғары білікті мамандардың кадрлық резервін қалыптастыру мақсатында республикалық «Үздік – 100 студент» байқауы басталды.
«JasSkills» және «JuniorSkills» байқауларына дайындық басталды, сондай-ақ «Мансап компасы» платформасында 100 мың оқушыны қамтитын кәсіби бағдарлау науқаны жүргізілуде.
Бүгінгі таңда елімізде 772 колледж кадрларын даярлау жүзеге асырылуда. Контингент барлығы 556 мың студентті құрайды, оның 85%-ы грант бойынша оқиды, ал мемлекеттік білім беру тапсырысының 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған.
Мемлекеттік тапсырыс геология, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, байланыс, IT, құрылыс, педагогика және медицина, тау-кен және су салалары сияқты бағыттар бойынша ұлғайтылады.
Колледж студенттерін қолдау мақсатында стипендиялық төлемдердің мөлшері екі есеге ұлғайды: 2023 жылы – 50%, 2024 жылы – 50%, 300 мыңнан астам студент қамтылды. Мұқтаж студенттердің 87%-дан астамы жатақханаларда орынмен қамтамасыз етілген. 2019 жылдан 2023 жылға дейін 14,8 мың орындық 76 жатақхана, биыл тағы 2,5 мың орындық 11 жатақхана пайдалануға берілді. Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар әлеуметтік қолдаумен – тамақпен және жол жүрумен қамтамасыз етілген. Бұл сөзсіз, белсенді халық арасында техникалық мамандықтарға қатысуға әсер етті.
Колледждер 227 мамандық және 753 біліктілік бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Кадрларды даярлау ел экономикасының 15 бағыты бойынша жүргізіледі, онда түлектердің жұмысқа орналасу пайызы орта есеппен 79%-ды құрайды, оның ішінде білім беру (80,3%), мұнай-газ саласы (64,9%), электр энергетикасы (79,6%), металлургия (77%), көлік (75,4%), құрылыс (82,7%), ауыл шаруашылығы (75%) және басқалары бар.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі 2 есеге ұлғаяды. Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес 1 студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгеге тең, енді ол орта есеппен 912 мың теңгені құрайды. Қаржыландырудың жаңа нормативі негізгі және ынталандырушы бөліктерден тұрады, бұл ретте ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі. Қаржыландырудың жаңа жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.



