Бектенов: Биыл коммуналдық қызмет тарифтері өзгермейді

Бүгін, 11:28
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views54
Бектенов: Биыл коммуналдық қызмет тарифтері өзгермейді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр азаматтардың сатып алу қабілетін қолдау және инфрақұрылымның орнықты жұмысын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Премьер-министр Үкімет отырысында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы жан-жақты жаңғыртуды қажет екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс тиісті Ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде жүргізіледі.

«Үкімет ұстамды тарифтік саясатты қолдап отыр. Сондықтан аталған жұмыс ұзақмерзімді қаржыландыру мен монополистердің операциялық шығыстарын қайта қарау есебінен қамтамасыз етіледі.

Жыл соңына дейін халық үшін коммуналдық қызмет тарифтерін өзгерту жоспарланып отырған жоқ.

Жалпы, кез келген тарифтік өзгерісті халықтың тұрмыс сапасы мен мемлекеттің экономикалық саясатының басымдықтарын ескере отырып, теңгерімді түрде жүргізу керек», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге азаматтардың сатып алу қабілетін қолдау, бағаны тұрақтандыру және инфрақұрылымның орнықты жұмысын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.